darulahnaf (darulahnaf) wrote,
darulahnaf
darulahnaf

Ханафи мəзхабы бойынша балиғат жасының анықталуы

12:00 16.01.2018
Ханафи мəзхабы бойынша балиғат жасының анықталуы


Автор: Шейх Абдулғани əл-Майдани 

Ұл баланың балиғат жасы поллюция бойынша анықталады. Егер бала ұйқыдан тұрған соң, поллюцияны (еріксіз ұрықтың шығуын) байқаса, сол сəттен бастап ол «балиғ» (кəмелет жасына жеткен) болып саналады. Сырттай балиғат жасын ұрықтың шығып шықпауымен жəне əйелдің екі қабаттығымен (егер балиғатқа жетпей неке қиылған болса) анықталады.

Қыз баланың балиғат жасы ең алғашқы хайзының келгендігімен белгілі болады. Сонымен қатар, егер қыздан əйелдік сұйықтық (фиқһта «мəни») шықса, ол балиғат жасына жеткен болып есептеледі. Балиғатқа толудың сыртқы белгісі – екіқабат болу.

Егер жоғарыдағы белгілер байқалмаса, белгілі бір жасқа жеткенде балиғат жасы есептеледі. Ханафи мəзхабы бойынша бұл жөнінде екі пікір бар. Біріншісі Имам Əбу Ханифаға, екіншісі Имам Юсуф пен Имам Мухаммадқа, Алла оларға разы болсын, тиесілі.

 1. Имам Əбу Ханифаның пікірі бойынша, егер ұл бала 18 жасқа толса (бұл жерде ай күнтізбесі бойынша), ол автоматты түрде балиғат жасына толған болып есептеледі. Ал қыз балалар үшін 17 жас.

 2. Ал Имам Юсуф пен Имам Мухаммадтың пікірі бойынша, ұлға да, қызға да балиғат жасы 15 жас (егер балиғаттылықтың белгілері анықталмаған жағдайда). Имам Əбу Юсуф жəне Имам Мухаммад, Алла оларға разы болсын, бұл пікірге балиғат жасының белгілері көбіне осы жаста байқалатындықтан келген.

Бұл мəселеде Ханафи мəзхабындағы ең дұрыс əрі пəтуаға алынатын үкім бұл Имам Мухаммад пен Имам Юсуфтың, Алла оларға разы болсын, пікірі. Сондай-ақ, олардың пікірі Имам Əбу Ханифаның өзінен де, Алла оны рақым етсін, жеткен.

Егер қыз бен ұл балиғат жасына жақындап қалса, бірақ ешқандай сыртқы белгілерін байқау мүмкін болмаса, өзі балиғатқа толғанын жарияласа, оның сөзі ақиқат ретінде қабыл алынады. Осы сəттен бастап, ол (балиғ) Шариғаттың бүкіл үкімдерін өз мойынына алады.

Балиғат туралы куəлік ұлдардан 12 жасынан бастап, қыздардан 9 жасынан бастап қабыл етіледі.

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com

read more at darulahnaf

Tags: Фиқх
Subscribe
  • Post a new comment

    Error

    Anonymous comments are disabled in this journal

    default userpic
  • 0 comments